Дұрыс шешім қабылда
Ағылшын тілін бізбен үйрен
CES FOR YOU

Оқушыларымыздың жетістігі – ол біздің жетістігіміз!

Image Slide 1
Grandprize English Course
Поездка в Дубай
Dubai
Поездка в Англию
England
Поездка в Малайзию
Malaysia
Поездка в Корею
Korea
previous arrow
next arrow
Shadow

Біз туралы

Интелектуалды дамытудың жаңа әдістері

Ғасырлар бойы этнос құндылықтарын біріктірген-тіл, дін, дәстүр, мемлекет, мәдениет, тарих. Кез-келген тіл-адам өміріндегі философия, мінез-құлық стилі мен ойлау әдісі арқылы қалыптасты-ратын код болып табылады.Саяси құндылық мемлекеттің негізі,ол тіл - мәдениеті. Ұлт болудың қажетті шарты-тіл. Бұл туралы ХVIII неміс философы Готфрид Гехтер айтқан болатын әрбір мемлекеттік тіл бірегей. толығырақ ...
CES for you орталығының миссиясы ерте жастан бастап бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау арқылы,әлемдік білім беру нарығының көшбасшылығын қалыптастыру.
CES мектебі қысқа мерзімде балалар мен ересектерге сапалы білім алуға болатын орталық болып табылады

Білікті мұғалімдер

Орталығымыздың тәлімгерлері мен құрылтайшылары Ұлыбритания, АҚШ, Германия сияқты алпаут елдерде оқыды және бұл толық тізім емес.

Сертификат беру

Оқуды аяқтаған соң арнайы сертификат және Өмір бойы қолжетімділік порталдағы сабақтарға жолдама беріледі. Курстың аяқталуы ата-ана және оқытушылардың алдында,жобаның қорғалу форматында CES мектебінің салтанатты түрде сертификаттарды табыстауымен аяқталады.

Онлайн сабақтар

Сізде Онлайн платформаға компьютер немесе ноутбуктен кіріп, қашықтықтан оқу жуйесінде білім алуға мумкіндік бар.

Өзіміз оқытып, нәтижелерді де тексереміз!

Мұғалімдердің білімін әрдайым арттырып тұрамыз!

Біздің жетістіктер

Біз мақтан тұтамыз

Лидер года – 2018

CES Olympiads

Ағылшын тілінен жыл сайынғы олимпиадалар

2017ж Жеңімпазы:
Зайнуллина Ханифа

Малайзияға тегін сапар

2018ж Жеңімпазы:
Мамутханова Балым

Англияға тегін сапар

2019ж Жеңімпазы:
Дусюп Абдуллах

Англияға тегін сапар

Пікірлер

Біз әрдайым жақсы болуға тырысамыз.

Біздің серіктестер

Жетекші оқу орталықтарымен тығыз байланыста болу жоғары сапалы және заманауи оқыту бағдарламаларын ұсынуға мүмкіндік береді. Серіктес компаниялардың бастамалары туралы біліп, оларға белсенді қатысуда Сіз бірінші боласыз.

Біздің беделді курстарымыз

Оқушының жасына және білімінің деңгейіне байланысты

Элит группасы

Мамандандырылған бағдарлама студенттердің, оқу топтардың, орта мектеп оқушыларының әр түрлі ағылышын тіліндегі емтихандар мен тестерден, беделді байқаулар мен сайыстардан өту үшін негізделген.

Жалпы топ

10 оқушыға дейін
6 деңгей
Әр деңгей  4  айға созылады
Әр деңгейдегі оқу сабақтарының саны 48
Әр деңгейдегі оқу сабақтарының ұзақтығы  1сағат  40 минут

Жас өспірімдерге

Біз жасөспірімдер үшін қызықты және өзекті тақырыптарды табамыз. Сонымен қатар жаңа технологияларды қолданамыз. Сөйлесудегі пікір-таластар оқушыларымызға қосымша тәжірбие. Әр оқушымен жеке жұмыс. Жасөспірімдер үшін біз онлайн режимінде қолдану және қашықтықтан оқуды ұсынамыз. Онлайн арқылы кез келген уақытта бізбен бірге болыңыз.

Балаларға арналған

Жеке әдістемелік тәсіл. Ойынға негізделген оқыту форматы балаларға ең пайдалы ағылышын тілінде сөздерді үйренуге көмектеседі. Сабақтар баланың жадында ағылышынша сөздердің дыбыстық және жазбаша түрін, сондай-ақ, олардың аудармасын білуге бағытталған. Сабақтар көптеген кезеңдерден тұрады. Олардың әрқайсысы белгілі бір тілдік дағдаларды дамытуға қызмет етеді.

Қосымша қызметтер

Қосымша сабақтар

Мектепалды даярлық

Ағылшын клубы

Ағылшын тілін оқыту бағдарламалары

Менталды арифметика

Көркем жазу

Шетелде оқыту курстары

Балалардың физикалық дамуы
KID’S динамика

CES FOR YOU филиалдары

Біз неғұрлым жақын болуға тырысамыз

Толе би көшесі, 70 тел.: +7 707 723 09 08
Абен Өмірәлі көшесі, 56А тел.: +7 707 118 66 41
Қазанғап көшесі, 4 (1 мектеп ауданы) тел.: +7 702 673 99 02
Ауезов көшесі, 63Б (орталық мешіттің артында) тел.: +7 707 822 57 38
Сүйінбай көшесі, Сәтпаев қиылысы, 181 (“Тянь-Шань" дүкені жанында) тел.: +7 707 818 55 03
Қараш батыр көшесі, 156 тел.: +7 707 718 55 03
Қонаев көшесі, 41А тел.: +7 747 518 36 26
Тілеуберді Сауранбаев көшесі, 4 тел.: +7 707 745 20 90
(3-інші қабат) тел.: +7 775 697 22 19
Орталық көшесі, 27 А тел.: +7 747 146 60 46
Жангозина көшесі, 33 (қалалық аурухана жақта) тел.: +7 707 709 42 15
«Алтын Ауыл» ықшам ауылы, 10/3 (2 қабат) тел.: +7 707 928 46 68
Бостанова көшесі, 29 тел.: +7 707 193 59 55
Қарасу көшесі, 38 (Титов көшесінен төмен) тел: +7 747 627 07 69
Ерлепесов көшесі, 38 (Аққайын дүкенінің жанында, 2 қабат) тел.: +7 707 865 26 95
Асет Бейсеуов көшесі, 186А тел.: +7 747 612 80 42
Байсов көшесі, 2 тел.: +7 747 820 10 28
Жамбыл көшесі, 15 (Айдар дүкенінен төмен) тел.: 8 707 716 16 51
Талгарский көшесі, 5А тел.: +7 777 098 71 83
Адилбеков көшесі, 65 (колледж жақта) тел.: +7 747 518 36 26

CES шетелде

Біз көкжиекті кеңейтеміз

Мекен-жай

Умралиева к. 33 (қалалық аурухананың жанында)

Email

cesforyoukz@gmail.com

Телефоныңызды қалдырыңыз, біз міндетті түрде хабарласамыз

    CALL ME
    +
    Call me!
    Scroll to Top

    Ғасырлар бойы этнос құндылықтарын біріктірген-тіл, дін, дәстүр, мемлекет, мәдениет, тарих. Кез-келген тіл-адам өміріндегі философия, мінез-құлық стилі мен ойлау әдісі арқылы қалыптастыратын код болып табылады.Саяси құндылық мемлекеттің негізі,ол тіл - мәдениеті. Ұлт болудың қажетті шарты-тіл. Бұл туралы ХVIII неміс философы Готфрид Гехтер айтқан болатын әрбір мемлекеттік тіл бірегей. Қазақстан-өзінің мәдени және тарихи мұрасы бар көпұлтты мемлекет.Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің алғашқы күндерінен бастап тіл мәселесі ең өзекті болып табылады.Осыған байланысты елде барлық этникалық топтардың тілдік құқықтарын сақтауды қарым-қатынас,тілін еркін таңдауды,тәрбиелеуді,білім беруді және шығармашылықты қамтамасыз ететін Қазақстанның барлық азаматтарының мүделерін ескеретін үйлесімді саясат жүргізілуде.Мұндай саясат өткір әрі қақтығыссыз шешкен елдердің бірі болып табылады.Елде тілдер туралы заң жүзеге асырылуда 2011-2020ж-ға арналған тілдерді дамыту және дамытудың жаңа мемлекеттік бағдарламасы,тіл саясатының тұжырымдамасы құрылған заман талабына сай сапалы білім алуға мүмкіндік бере алған мемлекет қана,табысты дамуы және үйлесімді болуы мүмкін екені белгілі.Елбасы ұлттық білім берудің алдында жоғары жоспарлы талап қойды.Бұл қазақ мектептерінің түлектері шетелдік жоғары оқу орындарында оқуын жалғастыра алу үшін бәсекеге қабілеті жоғары сапалы болуға тиісті.Білім берудің маңызды стратегиялық мақсаты бір жағынан,Қазақстандық білім беру дәстүрлерін сақтау,екінші жағынан мектеп бітірушілері халықаралық біліктілікпен қамтамасыз ету,олардың мемлекеттік және шет тілдерін меңгеруіне негізделген лингвистикалық сапасын дамыту болып табылады.

    Орталығымыздың мамандары жоғары сынып оқушыларына төмендегі көмектерді ұсынады -барынша тиімді әрі қысқа мерзімде қайталау,жүйелеу,мектеп курсы пәндері бойынша жинақтау және тереңдету -оқушыларға стандартты қателіктермен тестілну кезіндегі кемшіліктерді жоюға -ең бастысы ҰБТ-ға сапалы дайындау,Воуд билетпен жұмысқа дайындау -тапсырмалар мен мысалдарды шешуге -сызбалар мен кестелерді,карта мен жоспарларды оқуға -5-8сынып оқушыларына кез-келген үй тапсырмасын орындауға -балаларды оқу материалдарын тиімді әдіспен меңгеруге -кешенді оқу біліктіліктерінің және дағдыларының қалыптасуына -дұрыс және әдемі сөйлеуге -презентацияларды,дәлелдемелерді,рефераттарды қорғауға арналған тренинг жүргізіледі.

    Мектепке дейінгі жас –бұл адам өміріндегі маңыздылығы ерекше кезен.Бұл кезен айналасындағы әлемді білудің белсенді жолы.Біраз уақыт бұрын балаңыз жүруді үйреніп,топырақпен ойнап,былдырлаған тілімен жүрген еді.Енді міне ол 1-ші сынып оқушысына айналмақ.Бағдарламаның мақсаты:баланы оқуға дайындау қызығушылық пен аса зор белсенділікпен білімді қабылдауға үйренуге,білуге үйрету.Біздің мұғалімдер ата аналардың талабына сай,жоғары санатты,өз істерінің кәсіби маманы.Мұғалімдер оқушының өзінше ойлауына және өзіндік жұмыс істеуге үйретеді,жеке көз-қарас қалыптастыруға және табысты тестілеуден өтуге,білімдегі кемшіліктер толықтыруға,ата-аналарға тиімді кеңес береді.Оқу үшін 6,7 жас қолайлы кезен.Оқудың мақсаты:оқушыны оқуға үйрету,білімге деген ынтасын арттыру өзіне деген сенімділігін жоғарлату арқылы әрі қарай нық сеніммен оқуға бейімдеу.Әр баланың даралығын ескере отырып,әр топта 12 баладан оқытылады.Біздің оқудың нәтижесінде оқушылардың есте сақтау қабілеті дамиды,сөздік қоры көбейеді,зеректігі артады.Балалармен жұмыс істеу әдетте ата-аналармен жұмыс істеу арқылы толықтырылады.Біз ата-аналармен кеңес жүргізе отырып,олардың балаларына мектепке дайындаудағы алғашқы көмек және мәселелерді шешуге,1-ші сыныптағы оқытудың бастапқы кезенінен оңай өтуге көмектесеміз.Мектепке дейінгі дайындық тек қана оқумен шектелмеу тиіс.Сонымен қатар баланын психологиялық дайындығында маңызды.Оқыту бағдарламасына:оқу және мазмұндау;хат,сөздік қорын толықтыру,хатты оқуға үйрету;20-ға дейінгі математикалық тапсырмалар;өзін ұстау ережерін танысу;суреттеу,модельдеу курстары;қоршаған ортамен танысу;Мецериякованың әдістемесі бойынша ағылшын тілі,қазақ тілі,орыс тілі kids-динамика шығармашылық студиясы;ертегі айту,калиграфия негізінде жазуға қолды дайындау,қолдын бұлшық еттерін жаттықтыру.Графикалық диктанттар кординациялық сойлеуді дамыту.Оқу үрдісіне мативациялық саланы қалыптастыру.Мектепке оң көз-қарас қалыптастыру.Оқу және жазуды үйрету математикалық сауаттылықтын негіздері.Айналаны дамуды,лексикалық қорын,жадысын дамыту,көркемдік жұмыс жүргізу,сөйлеуді дамыту.

    «Hello,my name is …» әрбір адам мейлі кішкентай я болмаса үлкен еш ойланбастан әрі кідірісіз сөйлемді жалғастыра алады. Бұл ағылщын тілін меңгерудегі ең бірінші бастама. Бұл барлығының құлағына таныс сөйлем тіркесі. Ендеше барлық сөздер осы қарапайым тіркесті түсініп әрі айта алған деңгейде болуды қалай үйренуге болады? Өзіңізді және балаларыңыздың оқытуға қайда сеніп апаруға болады ? English club – бұл студенттер тілдік ортада өзінің тілді меңгеру деңгейіне қарамастан, бір-бірімен ағылшын тілінде еркін тілдесуге арналған арнайы пікір сайыс клубы. Біздің English club тақырыптарға бөлінген және кәсіби оқытушылар жүргізеді, алайда көп уақытында студенттердің сөйлеуіне негізделген. Ойындар , пікір таластар барысында студенттер өзінің тілді меңгеру шеберлігін көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар сөздік қорын толықтырады, әрі тілдік тосқауылдан арылады. English club Ағылышын тілінде ауыз екі сөйлеу дағдыларын тәжірбиеде English club интерактивті түрде өтеді. Мұнда ойындар , кретивті тапсырмалар, филимдер және оларды талқылау бар. Басты шарты тек қана ағылшын тілінде сөйлеу болып тпбылады. Барлығымыз саяхаттауды, басқа адамдармен танысып, басқа халықтардың мәдениетін, дәстүрін тануды жақсы көреміз. Клубтағы бірінші кездесу осы тақырыпқа арналады. English club – ағылшын әлемінде сіздің таптырмас көмекшіңіз. Барлық балалар әрі ата-аналардын арманы орындалып,барлығы ағылшын тілінде сөйлей бастағанда осында қуана қуана асығады.Ашық және ілтипатты оқытушылар алға қойған мақсаттарыңызға және күткен нәтижеге қол жеткізуге жылы әрі достыққа толы ортада көмектеседі.Әрине негізгі мектеп оқушыларына және мектепке дейінгі оқушыларға арналған орталық.Алайда қажеттіліктермен талапқа сай отбасы мүшелері мен басқа жастағы тіл үйренушілерімізге де арнайы бағдарламалар бар.English club-та оқыған кез-келген оқушы өзінің ағылшын тілін меңгерудегі ынтасы,айналасындағыларды да шабыттандырады және оларды ағылшын тілін үйренуден қалғысы жоқ.Отбасында ортақ хобби,ортақ мақсат пайда болады және бұл мүмкіндіктер іске асырыла бастайды. English club-бұл алынған білімдерді тез игерудің және тәжірибеде табысты қолданудын нәтижесі болып табылады. English Speaking club-бұл сіздің тәжірибеңізді ағылшын тілінде тестілеу керемет мүмкіндігі.Біз English club-та немен айналысамыз:ойындар,сұхбаттар,американдық стильдегі мерекелік кештеріді және фильмдерді,түрлі тақырыптарды талқылау,әңгімелеу осының бәрі ағылшын тілінде.Сондай-ақ біздің орталығымызда English Speaking club арқылы сізде ағылшын тілдес елдердің мәдени ерекшеліктерін танудың бірегей мүмкіндігі бар. . English club-бонустық бағдарлама. . English club-біздің студенттер үшін жарқын бонустардын бірі.Клуб өз қаласынан шықпай-ақ ағылшын тілін үйренемін деген әрбір адамға арналған.Тіл үйреніп жүрген студенттеріміздің көбісінің мазалайтын сұрақтар: «менің ауыз екі сөйлеуім дұрыс па?», «мен өз ойымды тиянақты жеткізе аламын ба?», «әңгімелесушімен сөйлескенде оны толық түсіне аламынба?», «әңгімелесуші мені түсіне ала ма?». English club студентке еркін түрде өз білімін көрсету мүмкіндігі бар,тіпті ол енді тіл үйренуші болсада.Клуб барлық оқушылар үшін қол жетімді,өйткені мұндағы қатысушылардың тілді меңгеру деңгейі әр түрлі.English club-ты ағылшын тілін еркін меңгерген,жоғары санатты кәсіби маман жүргізеді. Клуб үшін әсіресе,кездесу үшін әр түрлі күрделі міндентерімен бвғдарлама әзірленіп отырады.Барлық жас топтар үшін таңдаулы тақырыптар талқыланып,алдын ала дайындықпен дайындалуды бастау,ең ыңғайлы жағдай болып табылады.Яғни,өз ойларын ағылшын тілінде еркін жеткізе алады.Клубтың маңызды сәттерінің бірі әр түрлі елдер мен мәдениет өкілдерімен кездесу,әрі олар да әр оқушымен жеке-жеке ағылшын тілінде сөйлесуге қуанышты.Шығармашылық және әрдайым қызықты бағдарламалар бар әрбір клубтағы кездесу қызықты оқиғаға толы.Клубка бирлет келген оқушы тағы-тағы қайтадан келгісі келеді.Өйткені мұнда қызықты әрі тиімді оқытудан басқа,жаңа таныстар,жаңа достар табудың үлкен мүмкіндігі.Достық кешін өткізіп,ағылшын тілінде қарым-қатынасты шексіз қызыққа толы әлемге батыңыз. English club-сызықша бұл ағылшын тілі дағдыларын жақсарту клубы.Сөйлесу клубына бару,студенттер тілдік ортада өз бетімен жұмыс істейді,бұрын алған білімін тілдік тосқауылсыз еркін қолданады.Сабақтар шетелдік мұғалімдердің басшылығымен жүргізіледі.Сіздерді әр сенбі сайын оқу орталығының кеңселерінде күтеміз.Сабақ барысында біздің менеджерлерден оқуға қатысу туралы ақпараттар ала аласыздар.English club-қа қатысу үшін алдын ала жазылу керек.Ол үшін қысқаша қатысу формасын толтырыңыз және біздің менеджерлер міндетті түрде сізбен хабарласады.

    CES for you Халықаралық орталығында оқыту коммуникативтік әлемдік әдіснамада жүргізіледі.Бұл дегеніміз оқыту тек қана ағылшын тілінде жүргізіледі деген сөз. «Бұл қалай болуы мүмкін? Егер тілді үйренуді енді бастаса?» деген сұрақ мазалауы мүмкін.Жауабы:мұғалім мағынасын түсінбеген сөздерді іс-қимыл,суреттер немесе басқа мысалдар келтіру арқылы оқушының білетін сөздік қорын ескере отырып,синонимдер,антонимдер қолдану арқылы түсіндіреді.Әлемдік әдіснаманың арқасында студент ағылшын тілінде ойлап,алған білімін тәжірибеде көрсетеді.Бұл топтағы басқа тілдегі мысалы қазақ,орыс немесе басқа тілдес студенттінде уақытын үнемдейді.Оқу және жазу дағдыларын қалыптастыру барысында ағылшын тілінде сөйленетін сөздерді тындай отырып,біз ағылшын тілін белсендіретін және іс жүзінде тындау,әңгімелеу,кинофильмдерді талқылау,шетелден келген арнайы маманмен сөйлесу арқылы білімдерін толықтырады.Кішігірім топтар,достық атмосферадағы шығармашылық элементтерді сабақта пайдалану,тілді үйретушімен клубтағы кездесулер,экскурсиялар және кең көлемдегі мүмкіндіктерді өз деңгейінде қолдану,білімін практикада қолдана біліу сіз үшін таптырмас мүмкіндік.Сапа біз үшін барлығынан жоғары.Англия мен Ирландиядағы CES орталығында курстарды аяқтау мүмкіндігі бар.Бұл студенттерге іс жүзінде тілдік тосқауылдан өтуге және жаңа мүмкіндік береді.Бүкіл әлемді бізбен таныңыз.Егер сіз іскерлікті ләззатпен біріктіргініз келсе бұл CES-те мүмкін. CES-те оқу Англия,Франция,Кипр,АҚШ сияқты елдердің көрнекі жерлерін көруге көмектеседі,сондай-ақ ағылшын тілін меңгеру деңгейіңізді жақсартады.

    Менталды арифметиканың мәні тек қана ойша тез есептеу емес,сонымен қатар фотографиялық жады;зейін қалыптастыру;өзіне деген сенімділік;қияли және шығармашылық ойлау;3тен 12 жасқа дейінгі балаларда мидың оң және сол жақ мидың арасындағы нейрондық байланыстар қарқынды дамиды.Егер бұл байланыстарды дамытпаса,уақыт өте келе оларды қалпына келтіру мүмкін емес.Ментальды арифметикалық курсынан өткен бала ақпаратты тез қабылдап,өңдеп дұрыс шешім қабылдап үйренеді. INTELLIGENT Education Group 1997жылы құрылды.Есептеуді оқыту бойынша даму қарқынды ментальды арифметика оқыту тобынан,компанияның білім беру орталығына дейін жетті.Жеке секторға қызмет көрсету арқылы қоғам мүшелеріне,ата-аналардан көп оң нәтиже алып қана қоймай,сонымен қатар лауазымды тұлғаларды да мойындатты.2007 жылы INTELLIGENT есебінің және қытайдағы арифметикангың мүшесі болды.Сонымен қатар компания INTELLIGENT Education Group өзінің географиялық ауқымын кеңейтті.Атап айтқанда Бахрейн, Бельгия, Вьетнам,Египет, Иран, Иордания, Катар, Кувейт, Малайзия, Марокко, Мьянма, Б.А.Ә, Оман, Палестина, Пакистан, Россия, АҚШ ,Сингапур, Судан, Сауд Арабия, Түркия, Франция, Филиппин, Шри-Ланка енді міне Қазақстандада.

    Мектеп каллиграфия сабақтарын алып тастағандықтан көптеген балалар, көбінесе төменгі сыныптарда тек жазу үшін төмен баға ала бастады.Әдемі жазу оқушының т1ек мәртебесін ғана көтеріп қоймай,оның өзіне деген сенімділігін,өзінің еңбегіндегі жетістігін арттырады.Ал,бұл оның болашақ өміріне өз септігін тигізеді.Егер сіздің оқушыныңыздың жазуы түзелмесе,онда біз ақшаңызды қайтарып береміз. Бірінші тесттік сабақ тегін. Түзетуге дейін Түзетуден кейін

    Біз балаларға және студенттерге оқу курстарымен қатар, жазғы демалыста CES for you орталығымен бірге Малазия, Англия, Франция елдерінде саяхаттауды ұсынамыз. 10 жастан асқан оқушыларды «Барлығы да қосулы » бағдарламасы бойынша, қызыққа толы экскурсиялар күтеді. Сақтандыру; «Shool Куала Лумпур» үздік мектебінде ағылшын тілін оқыту; Халықаралық деңгейдегі сертификат; Тілді оқытушылармен ағылшын тілін оқу; (Амеркандықтар, Британдықтар) Екі жаққа ұшу сапары; 4 жұлдызды санаттағы қонақ үйде орналасу мүмкіндігі (бассейн, жаттығу залы т.б); 3 реттік тамақтану, әлеуметтік бағдарламалар; қызығушылығына қарай көңіл көтеру; театрлар, саябақтар; Сатып алу сапарлары; Куала Лумпурдың көрнекі жерлерін аралау; Лангхави аралындағы 3 күндік лагерь, мөлдір су, сайыстар; Топты көшбасшылар мен орталық басшылары жетектейді. Ең үздік Ұлыбританияның білім нарғында 40 жылдық тарихы бар « Britsh shool CES» мектебінде ағылшын тілін оқу; 11 жастан жоғары оқушыларға Халықаралық деңгейдегі Ұлыбританияның елшілігімен аккредиттелген сертификат 1. Әр студенттің абыройы мен мәртебесі. Жоғары деңгейдегі халықаралық сертификаты бар студент, аты әлемге әйгілі компанияларда жұмыс істеуге мүмкіндігі болады. 2. Шетелде ЖОО-да, мектепте оқытудың ерекше әдістері біздің елден оқыту әдістерінен ерекшеленеді. Көптеген жастар үшін шет елде білім алу ерекше және қызықты тәжірбиеге айналады. 3. Бүгінгі күнде шетел тілін білмей өзін жетілдіру мүмкін емес екендігі құпия емес. Тілді үйретушілермен қарым-қатынас арқылы тілді меңгеру ең оңай. Шетелдік оқу орындарында оқитын студенттер күнделікті мұғалім және әріптесстерімен қарым-қатынас жасай отырып, тілдік дағдыларын жетілдіреді және дамытады. 4. Жергілікті ЖОО мен Институтарында техниканың соңғы жабдығымен жұмыс істеу шетелдіктерден төмен. Шетелдік оқу орындарында студенттер жаңа жабдықтармен жұмыс істей алады. 5. Шет елде білім алу тәжірбиесі студенттерге шетелдіктермен қарым-қатынас жасаудың мол тәжірбиесін береді. Олар болашақта тілді еркін үйренуге мүмкіндік береді. Шетелде тұрып тілді меңгеру оңайырақ болады. Өйткені күнделікті өмірде тұрғындардың айтқандарын тыңдау арқылы тілді үйрену тәжірбиесі артады. Тәжірбие көрсеткендей шетелде тұрып, бірнеше ай шетелдікпен қарым-қатынас жасау арқылы тілді үйренуі жақсарады. Ал жарты жылдан кейін толықтай түсінісе алатын деңгейге жетеді. 6. Коммуникациясыз және жаңа таныстарсыз өмір сүре алмайтын экстравиттерге шетелде білім алу таптырмас тәжірбие. Шетелде әртүрлі елдерден келген студенттермен танысып, олардың мәдениетін танып білуге үлкен мүмкіндік. 7. Шетелде оның дәстүрі мен менталитеті басқа болғандықтан, әрі тәжірбие көрсеткендей ата-анасынан жырақта жүрген бала өздігінен жұмыс істеуге бейімделеді. Сол елдегі ортаға үйренеді. Ертерек ересеюге ықпал етеді жеке тұлға болып қалыптасқан оқушыға кез келген ортада, және кез келген жағдайда өздігінен шешім қабылдауға дайын болады. Бұл сапа оның болашағына міндетті түрде өз септігін тигізеді. Енді шетелде білім алудың кемшіліктері; 1, Қаражат. Кез келген жағдайда әрі сақтық ретінде өзімен бірге қосымша ақша алу 2 . Тілдік тосқауыл Егер сіздің тілді меңгеру деңгейіңіз әлсіз болса, онда оны біраз жақсартқаныңыз жөн. Өйткені бұл оқыту барысында түсінбестікке әкеліп соқтыруы мүмкін. Ал одан кейін тілді меңгеру деңгейінің төмендеуіне әкеліп соқтырады. Шетелге шығар алдында біздің орталық жеделтетілген ағылшын тілі курсын және психологиялық тренингтер ұсынады. Шетелге оқуға барар алдында қажетті қаражат жеткіліктігінен басқа, құжаттар жинауы қажет. Біздің орталық бұл құжат жинау жұмыстарын өз жауапкершілігіне алады. 4. Кешегі және қазіргі оқушыларға басқа елде өмір сүруге бейімделу қиындықтары, бала күтпеген оқиғалар, жаңа білім беру жүйесіне үйрету. Жаңа тұрғылықты мекенге бейімделу процесі болатынын ұмытпаңыз. Бұл бейімделу процесі бірнеше аптадан бірнеше айға созылуы мүмкін. 5. Қатаң тәртіп пен заң. Шетелдегі мектептерде , мекемелерде арнайы тәртіп бар және ешқандай парақорлық жоқ. Жергілікті үрдістерді, білмейтін мәселелерді жою үшін нұсқаулықты басшылыққа алатын және қауіпсіздікке жауапты топ жетекшілері оқушылармен бірге жүреді. 24/7 күн бойы тоқтаусыз режимде жұмыс істейді.

    Көптеген отбасыларда және мекетепке дейінгі мекемелерде балалардың интелектуалды дамуына заманауи талапқа сай көп көңіл бөлінеді Оларға көлемді ақпараттар беріледі. Ал, физикалық даму екінші орынға қалып қояды. Шындығында баланың физикалық белсенді даму деңгейі, оның психофизикалық даму факторларының үйлесімі бір болатынын көбі ескере бермейді. Балалардың жүгіруі, секіруі, жүзуі және көп серуендеуі керек. Атап айтқанда балаларға қозғалыс еркіндігі керек. Қозғалыс еркіндігі баланың тыныс алу жолдарына, жүрек қан тамырларының шынығуына, жүйке жүйесінің қалыптасуына септігін тигізеді. Көптеген мамандар бала қозғалысының дамуы, оның ақыл-ой дамуымен қатар жүретіндігін айтады. Баланың қозғалысы, сөздік қорының көбеюуі, ойлау қабілетінің дамуы бір-бірімен тығыз байланысты. Мектепке дейінгі балалардың ақыл-ойының дамуы, оның қозғалаыс белсенділігімен тікелей байланысты. Қозғалыстың жүйелі түрде орындалуы миының, жүйке талшықтарының пайда болуына, жоғары ақыл-ой функцияларының дамуына ықпал етеді. Әртүрлі қозғалыс үндестігі баланың оқу, санау, есептеу, жазу формаларының дамуына көмектеседі. Балалардың қозғалыс белсенділігі мен ойлау арасында тікелей байланыс орнатылған. Мектепке дейінгі балалардың психикалық дамуы олардың қозғалыс белсенділігінің жағдайында жүреді. Белсенділікті дамыту оқушының өздігінен дамуына көмектеседі. Қозхғалыс еркіндігі баланың өзін-өзі дамытуына, өздігінен тапсырмалар орындауына ықпал етеді. Пайдалы жаттығу. Денені жаттықтыру немесе миды жаттықтыру екеуі үйлесе келе, ми мен дене қозғалысының байланыста дамуына әкеледі. Ақыл-ой мен дене қозғалысын жаттықтыру баланың белсенді дамуы болып табылады. Төменде белгілі бір дағдылар мен психикалық процестерді дамытуға және жақсартуға ықпал ететін бірнеше жаттығулар бар. Қарама – қарсы қол мен аяқты бір-біріне қарай бір мезгілде жылжытып қиылысады. Мидың екі жарты шарының жұмысын біріктіреміз. Қолды алға қарай созып, басмызды иыққа басып, қолмен ауада сегіздік санын өрнектейміз. (сегіздік-шексіздік) Жаттығуды кезек-кезек екі қолмен жасаймыз. Оқуды, түсінуді, тыңдауды дамытамыз. Тыныс алу жаттығулары дененің әр жасушасын оттегімен толықтыруға көмектеседі. Дем алуды бақылау қабілеті, өзіңізді бақылауға мүмкіндік береді. Дұрыс тыныс алу жүректің, мидың, жүйке жүесінің, ас қорыту жолдарының жұмысын жақсартады. Сабырлылық – қобалжуды жеңуге, тынығуға әсер етеді. Баяу тыныстау жаттығуларында ескеретін жайыттар: Қол-аяқтың ұюы, бет-жүзінің өзгеруі, есту өзгерістері. Төменде балалар иммунитетінің артуына арналған жаттығу түрлері. 1. Үлкен және кішкентай. Тік түзу тұрып, тынысын тартып, қолдарымен жоғары тартылуы арқылы үлкен екендігін көрсетеді. Мұны бірнеші секундта жасау керек. Тынысын тартып, қолын төмен түсіріп, тізесін құшақтап отырып «УФ» деп демін шығарады. Басын тізесіне қойып өзінің кішкентай екендігін көрсетеді. Әртүрлі қимыл қозғалыстар дененің бұлшық етінің шынығуына әсер етеді. Шағын және үлкен дағдылар паралель дамиды. Өйткені көптеген әрекеттер қозғалыс белсенділігінің екі түрін үйлестіруді талап етеді. Төменде дененің позициясы мен үлкен қозғалысының қалыптасуына бағытталған бірнеше жаттығулар берілген. 1. Арқамен жатып, аяқтардыбірге, қолын бастың астына қойып біресе оң жаққа, біресе сол жаққа аунау; Ашық ойындар. Барлық балалар велосипедпен серуендеуді, секіруді, жүзуді, жүгіруді жақсы көреді. Олай болса, осы қозғалыс белсенділіктерін ұштастыра отырып, баланың физикалық дамуна қолдану. Бұл әмбебап ойын түрлерін алаңда, табиғатта сруендеуде, балабақшада да қолдануға болады. Мұндай белсенді қозғалыс түрлері оқушыларды физикалық дамытып қана қоймай, олардың бір-бірімен тіл табысуына, жаңа достар табуына көмектеседі. Майтабандылықтан құтылу. Дұрыс жүру – барлық дене салмағын қадағалау, әдемі жүру бұлшық еттердің қалыптасуының негізі болып табылады. Майтабандылықтан алдын алуға арналған бірнеше жаттығулар. 1. Жаз да құмның, шөптің, ұсақ тастардың бетінде көбірек жалаң аяқ жүру. Үйде жалпақ немесе арнайы массаж жасайтын кілемшеде жүру. Мектепке дейінгі жастағы балалар табиғатына сай өте белсенді. Баланың физикалық дамуы мен белсенді қозғалысына дұрыс бағдар беріп отыру керек. Баланы 6 жасқа дейін спорт түрлерінің біріне бағыттаған жөн. Балаларға арналған фитнес, жүзу сияқты спорт түрлері баланы толықтай физикалық даму белсенділігімен қамтамасыз етеді. Иммунитетін арттырады. Балалармен қозғалыстың ең тиімді түрі – ойын. Біздің жаттығуларымыздың нәтижесінде, балалар мықты, белсенді, өзінің дене қозғалысын өзгертуден қорықпайтын болады. Ұйқысы қалпына келеді, тәбеті жақсарады. Бала оң эмоциялық қуат алады. Қозғалыс құрылымы. Саусақтар қимыл ойыны. Иықтың, белдің, аяқтың, қолдың бұлшықеттерін шынықтыруға арналған жаттығулар. Нысандармен ойын түрлері. Доппен, матамен, жалаушалармен, музыкалық ойыншықтармен ойнау.